«Күйеуімнің суретін жариялаймын»: Тележүргізуші Динара Сәтжан жеке өмірі туралы бар шындықты айтты
Танымал тележүргізуші, кәсіпкер Динара Сәтжан “Esquire Kazakhstan” подкастына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. ©instagram.com/dinarasatzhan Кәсіпкер не себепті жеке өмірін құпияда ұстайтынын түсіндірді. “Кейде мен өзіме риза боламын. Адамдар ғашық болып, ақымақтықпен суретін жариялайды, кейін айырылысып жатады. Ал ғаламтор оның бәрін сақтап, еске түсіріп отырады. Сол себепті жеке өмірімді құпияда ұстағаным дұрыс болған деп ойлаймын.

