Ақтөбеде пәтер жөндеймін деп 100 миллион теңге жымқырған алаяқ ұсталды
Ақтөбеде 10-нан астам тұрғынның сеніміне кіріп, ірі көлемде ақша жымқырған алаяқ қолға түсті. Бұл туралы Tilshinews.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. Тергеу деректеріне қарағанда, көрші облыстың тұрғыны соңғы бір жыл ішінде «пәтерлерге жөндеу жүргіземін» деген желеумен азаматтардан алдын ала төлем алып отырған. Алайда ақшаны алғаннан кейін тапсырысты орындамай, жәбірленушілермен байланысты үзген. Зардап шеккендердің саны

