«Үнім өшеді»: Уоррен Баффетт акционерлерге соңғы хатын жазды
Америкалық миллиардер, инвестор және филантроп Уоррен Баффетт өзінің соңғы хатында Berkshire Hathaway акционерлерімен қоштасты. 95 жастағы аңыз тұлға енді жыл сайынғы есеп жазбайтынын және дәстүрлі акционерлер жиналысында сөз сөйлемейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Isker Tilshi. «Мен енді Berkshire-тің жылдық есебін жазбаймын және акционерлер жиналысында тоқтаусыз сөйлей бермеймін… Британдықтар айтқандай — үнім өшеді», — деп жазды ол.

