«Әр шешімнің артында — бала тағдыры»: полиция капитанының бір күні
Полиция капитаны Фариза Бақытжанова – бес жылдан астам уақыт бойы Ақтөбе қаласында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне жауапты маман. Ол бала кезінен-ақ әкесін полиция формасында көріп өскен. Сондықтан да әке жолын қуып, құқық қорғау саласын таңдаған. Әкесі – ішкі істер органдарының ардагері, №1 қалалық полиция бөлімінің бастығының орынбасары қызметін атқарып, зейнетке шыққан Ержан Құбланов. Қыз

