Ақтөбелік журналист Айгүл Нұркеева Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл болып тағайындалды
Ақтөбе облысында өңірлік Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл тағайындалды. Облыс әкімінің өкімімен бұл қызметке белгілі ақтөбелік журналист Айгүл Маратқызы Нұркеева бекітілді. Жаңа уәкілдің басты міндеті – өңірдегі балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, осы бағытқа қатысты өтініштер мен шағымдарды қарау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың жұмысына қоғамдық бақылау жүргізу. Сонымен қатар, Айгүл Нұркеева балаларды

