Ақтөбеде алаяқтық жолмен ақша иеленген жас жігіттер ұсталды
Қазан айында Алға ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын телефон арқылы алаяқтардың құрбаны болғаны туралы арызданды, деп хабарлайды «Тілші». Жедел-тергеу шаралары барысында белгісіз тұлғалардың жәбірленушіні «iPhone-17 ұялы телефонын ұтып алдыңыз» деп сендіріп, алаяқтық жолмен оның ақшасын иемденгені анықталды. Ұтысқа сеніп қалған 49 жастағы ер адам бейтаныс жігіттердің нұсқауымен өз атына екі рет онлайн несие рәсімдеп, алынған

