«Truck Center» өндірісті кеңейтіп, Орталық Азияға техника экспорттайды
«Truck Center» компаниясы мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп отыр. Кәсіпорын жеңілдетілген несие мен субсидияның арқасында өндіріс қуатын арттырып, өнімдерін көрші елдерге шығаруды бастады, деп хабарлайды Isker Tilshi. Бұл кәсіпорын – әлемдік жетекші зауыттардың ресми дистрибьютері. Олар нарыққа құрылыс, ауыл шаруашылығы және логистика салаларына қажетті, халықаралық сапа стандартына сай техникаларды ұсынады. Компанияның негізгі мақсаты – клиенттерді заманауи

