Хромтаулық спортшы Қазақстан бойынша ең ұзақ қашықтықты бағындырды
Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жаттықтырушысы Александр Константинов «Wings for Life World Run» жарысында Қазақстан бойынша ең ұзақ қашықтықты бағындырды. Спортшы 41,78 км жүгіріп өтті. Бұл – ел бойынша осы сайыста тіркелген ең үздік нәтиже. Жарыстың шарты ерекше: қатысушылар өзінен кейінірек жолға шығатын арнайы виртуалды көлік қуып жеткенше барынша ұзақ қашықтықты жүгіруі

