Тоқыма өнерін табыс көзіне айналдырған жас шебер
Өнер – адамның жан-дүниесінің айнасы. Осыны дәлелдей түскендей, «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығының тәрбиеленушісі Темірхан бала күнінен тоқыма өнеріне қызығушылық танытып, бүгінде бұл істі кәсіби деңгейге жеткізді. Ол өз қолынан шыққан әр бұйымға жылулық пен шеберліктің сырын сіңіріп, өнерін шыңдап жүр. «Қолыма ілмек алып, тоқи бастасам, жұмысты аяқтағанша асығамын. Тоқу барысында миым тынығып, ойым жүйеленеді.

