«Қандыағашқа апарар жол»: Шалқар жағынан жолдың алғашқы 20 шақырымы төселді
Қандыағаш пен Шалқардың арасына жол салына бастады. Құрылыс жұмыстары Шалқар жағынан басталып кетті. Таяуда құрылыс басында болған облыс басшысы жағдаймен танысып, жолдың бір бөлігімен жүріп өтті, деп хабарлайды «Тілші». Қандыағаш пен Шалқар арасында дұрыс жол жоқ. Мамандар 50-60 жыл бұрын төселгенін айтады. Шалқар тұрғындары көбінесе алыс та болса, Ырғыз арқылы айналып, облыс орталығына қатынап жүр.